Қаржы секторындағы өзгерістер. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Е. Жамаубаевтың сұхбаты

 

 

1 қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың жаңа кезеңі басталды. Енді заңды тұлғалар, кәсіпкерлер және олардың жұбайлары кірістері туралы деректерді тапсыруға міндеттеледі. Құжат 2021 жылы қабылданғанымен, көпшілік үшін бұл норма күтпеген жайт болды. Қызмет көрсету секторы мен кәсіпкерлер мобильді аударымдардан бас тартып жатыр. 

Табысты, активтерді, мүлікті декларациялау кімдерді қамтиды? Мобильді аударымдарды тексерудегі мақсат қандай? 

Сонымен қатар жыл басынан бері кейбір кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен төлем жасамаған жағдайда бағаны 10%-ға дейін көтеріп жіберген фактілері де кездесіп отыр. Бұл қаншалықты заңды? Мұндай жағдайда азаматтар қайда шағымдана алады?

Осы және қаржы секторының өзге де өзекті мәселелері туралы Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев тарқатып айтты. 

#Ерұлан Жамаубаев #Қаржы

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу