07 Наурыз 2024, 09:41
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1)-тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу